Тұт ағашы талай ауруға ем

2412

Түркістан қаласының іргесінде Қарнақ деген ауыл бар. Қожа Ахмет Ясауи кесе­несіндегі атақты «Тай­қазан» осы ауылда құйыл­ған. Қарнақтың тағы бір ерек­шелігі, мұнда елдің айтуы бо­йынша 1300 жылдан бері өсіп тұрған тұт ағашы бар. Оның қалыңдығы он адам құшақ жайса да қол жетпейді.


Осындағы ескі көз ағай­ын­­­дардың сөзіне қа­ра­ған­да, бұл тұт ағашын мұ­сыл­мандықты уағыздаушы дін­дар Имам Бақли еккен көрінеді. Енді бірі Пайғам барымыздың әскер сардары қадаған шыбықтан өнген деседі. Қарнақ ауылының тұрғындары бұл тұт ағашын өте қатты мақтан етеді. Ауылдың символына айналғанын айтады.

Бүгінде ортасын шірік кеу­леп бой-бой жарылып жат­са да жан-жағындағы бұ­талар жыл сайын бүр­шік жарады. Талай ға­сырды артта қалдырған көнекөз ағаштың жа­пы­рағын жұлған адамдар өте жайсыз түс кө­ріп, қи­ыншылықтарға ұшы­райды екен. Сондықтан да тұрғын­дар мен саяхатшылар бұған зиярат етіп келеді.


Әсіресе, айықпас дертке шалдыққандар көптеп келеді екен. Өйткені тұт ағашы тыныштандыратын қасиетке ие. Сондай-ақ, тұмау, қант диабеті, көз аурулары кезінде өте пайдалы және сауықтырғыш қасиетке ие. Жемісінен сусын, шырын алуға болады. Бойына барлық қасиетті сіңірген деседі.