Қару көшеде шашылып жатыр ма?

807

Қызық. Қарумен ұсталғандардың басым бөлігі «көшеден тауып алдым» дейтіні несі екен? Сонда суық қару көшеде шашылып жатыр ма?

Былтыр желтоқсан айында сотталушы А.К. қаладағы ірі сауда орталығының маңынан калибрі 8 мм «KAL.8mm Germany» маркалы жарақаттаушы тапаншасын тауып алған. Оны «тастап кетуге» көзі қимаса керек. Суық қаруды заңсыз иемденіп, заңсыз сақтап, тасымалдап алып жүрген.

Сол күні А.К.-ны кезекші патрульдік полиция қызметкерлері ұстап, оның автокөлігінен жоғарыда аталған қару табылып, айғақты зат ретінде тәркіленіп алынған. Тәртіп сақшыларының сұрағына «көшеден тауып алдым» деп жауап берген.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен А.К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.