«Әзірет Сұлтан» музейіне ЮНЕСКО бюросының директоры келді

571

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросының директоры, Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттеріндегі ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккат келді.

Түркі әлемінің мәдени астанасына арнайы келген өкіл Қожа Ахмет Ясауи кесенесі және
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Тарихи орын жөнінде кеңінен ой бөліскен Криста Пиккат Түркістан – мәдени-тарихи ескерткіштерге, табиғи қорықтарға бай өлке. Біздің мақсатымыз осы айрықша ескерткіштерді қорғай отырып, жергілікті халық үшін ресурс ретінде пайдалануға мүмкіндік жасау деп пікірін білдірді.