Атырауда жатақханада тірідей жанып кеткен жас жігіттің денесі бүгін Шымкентке жеткізілді

768

Атырауда жатақханада тірідей жанып кеткен жас жігіттің денесі бүгін Шымкентке жеткізілді. Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары құран бағыштап, үш баланың әкесі Мақсатты ақтық сапараға шығарып салды.

Атырау қаласында болған оқыс жағдайдан алты жұмысшы қаза тауып, төрт адам зардап шеккен болатын. Марқұмның туыстарының сөзінше өртте мерт болған шымкенттік жігіт, вахталық жұмыс істеген. Төрт-бес күннен кейін марқұм Мақсат туған қаласы Шымкентке оралуы тиіс еді.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға Атыраудан 42 шақырым қашықтықта Қарабатандағы «Газ турбинасы электр станциясының» құрылыс алаңы нысанында болған.

Өрт кезінде вахталық қалашық аумағындағы контейнер түріндегі жатақханада шамамен 20 адам болған, олардың 6-уы қаза болып, 4 жас жігіт облыстық ауруханаға жеткізілген.