Оңтүстіктен – Солтүстікке!

772

Қостанай облысының Сарыкөл ауданы оңтүстіктен қоныс аударатын 50 отбасын қабылдауға дайын. Ол үшін баспана да, жұмыс орындары да, егістік жер де әзірленіп қойыпты.

Сол дайындықты көзімен көріп, тарқатылмаған түйін болса, шешу үшін Солтүстіккке баратын арнайы делегация құрылды. Олар Сарыкөл ауданының тыныс-тіршілігімен, ұсынылып отырған үй-жай мен жұмыстың жай-жапсарымен жіті таныспақ.

Төрехан Омаров, Шымкент қаласының тұрғыны: “Солтүстікке отбасыммен көшу жоспарда бар. Сол үшін көшпес бұрын барып көріп келемін. Ұнаса насихаттаймын. солтүстікке барып қазағымның санын көбейту де жоспарда бар…”.

Айта өтейік, биыл оңтүстіктен солтүстікке 500 отбасын көшіру жоспарланып отыр.. Алдын-ала анықталғанындай, олардың 272-сі Қостанайға көшпек. Сол отбасылар мен жеке азаматтардың алғашқылары жолға шықты. Былтыр солтүстікке өңірімізден 193 отбасы қоныс аударып, бүгінде шаруашылығын дөңгелетуде.

Айжан Ермекқызы