Шымкентте жасы жүзден асқан 20 қарт тұрады

1281

Шымкентте жасы 100-ден асқан 20 адам тұрады. Ұзақ жасаушылардың 18-і – қарт әжелер. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жария етті, деп хабарлайды inform.kz.

Ғасырдан аса өмір сүріп жатқандардың әрбірі тыл еңбеккері немесе батыр аналар. Ал, жасы ең үлкен қала тұрғыны Гүлшешек Қолаева 10 қаңтарда 111 жасын тойлады. Кейуана, сондай-ақ, жетіден аса перзентті өмірге әкеліп, «Күміс алқа» иегері атанған.

Сол сияқты тыл еңбеккерлері Алпа Есжанова мен Назым Мамбеталиевалар 109 жаста. Айша Назарқұлова – 106 жаста болса, «Алтын алқа» иегері Шырын Абдуллаева 103 жастан асты. Батыр ана Қанаш Күзербаева мен  тыл еңбеккерлері Хабиба Файзиева және  Хайриниса Татаровалар да 103 жасты еңсерді.  Үш тыл еңбеккері Айша Абдуллина мен Ұлшым Байботаева, Нагима Бекқараевалар және «Күміс алқа» иегері Ұфан Күләнбаевалар 102 жасқа толған.

Тыл еңбеккерлері Орынкүл Әділбекова мен Мария Сидоренко және батыр ана Сатқын Отарбаевалар – 101 жаста. Екі тыл еңбеккері Кеңескүл Бақбай мен Мария Ковальчук және «Күміс алқа» иегері Бибісара Ержанова 1 ғасырлық ғұмыр кешіп отыр.  Қариялар арасында Бостан Раимбеков  105 жасқа келсе,  Нигмат Гареев – 102 жасқа жеткен.