«Қайтпаста» көлік пен үй өртеніп кетті

651

Шымкентте үй және көлік өртеніп кетті. Сағат 12:46-да Шымкент қалалық ТЖБ өрт сөндіру қызметіне «Қайтпас-1» шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Ақын көшесінде орналасқан 37-ші үйде уақытша үй мен  «WOLKSVAGEN PASSAT» маркалы жеңіл автокөлігі жанған. Тілсіз жау сағат 13:38-де ауыздықталып, 14.:3-те толық сөндірілген.   Өрт салдарынан 1956 жылы туған азаматты күйік шалған. Қазір ол ауруханада ем дом алып жатыр. Өрттің жалпы аумағы 48 шаршы метрді құрайды.  Өртті сөндіруге ОҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ-ның (20 қызметкер, 4 дана техника), ІІБ (2 қызметкер, 1 дана техника) жұмылдырылды.