Өңеші күйген қыз да, отбасы да дін аман

606

Қоғамды дүр сілкіндірген тағы бір оқиға жайлы қоғам белсендісі Аружан Саин өз парақшасында жазды. Айтуынша оңтүстікте ата-анасынан зорлық көрген кішкентай қыздың жағдайына алаңдаулы. Мұны естіген жауаптылар қыздың ата-анасына хабарласып, арнайы брифинг ұйымдастырған.

Түркістандағы қонақүйлердің бірінде өткен баспасөз мәслихатына зардап шекті деген қыздың әкесі келді. Болған оқиғаны баяндаған Түркістан қаласының тумасы Т. деген азамат Аружан Саинның туған қызына қатысты әлеуметтік желіде таратқан мәліметтері шындыққа жанаспайды деді. «Аружанның мәліметі бойынша ата-аналардан ешқандай хабар жоқ, қыз тірі ме, жоқ па, білмейміз деген. Олай емес» -дейді.

Қыздың әкесі: «Менің ұялы телефондарым, уацабым да оның қызметкерлерінде бар. Егер мені табамын десе. Және ондағы менің қызыма қатысты мәліметтер жалған. Қалалық балалар ауруханасында қызым толық тексеруден өтіп, анализдеріне дейін тапсырды. Қазіргі жағдайы жақсы. 17 келі. Бірінші сыныпта дайындық тобында  оқиды. Өзі келуге жүзін көрсетуден ұялды».

Брифинг барысында отағасы  БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысты. Қызының өңеші күйген, оны емдеуге Ташкентке де, Үндістанға да барғанын ашық айтты. Алайда шетелде отадан бас тартқан отағасы Қазақстанда емделуге бекініпті. Қазіргі таңда қызының жағдайы жақсы.