Алтын төбе ауылдық округіндегі 11 ауыл газға қол жеткізе алмай отыр

994

Қазығұрт ауданы Алтын төбе ауыл округіне қарасты Қосағаш ауылы тұрғынының жауаптылардың іс әрекетіне көңілі толмай, наразылық білдіруіне себеп бар. Тартылған газ құбырын қосуда күрделіктер туындаған. Жуаптылар осы мәселемен айналысқанына біршама уақыт өтіпті.

Фархат Қарақұлов, Қазығұрт ауданы Қосағаш ауылының тұрғыны: «Құрылысы 2012 жылы  басталған. Содан бері 6 жыл болды, тапсырылатын түрі жоқ. Барлығы уәдені үйіп төгіп береді. Мәселені шешіп береміз дегеніне  біраз болды. Үкімет қайда қарап отыр? Неліктен бізге газды бермейді?».

Ауыл ағайын «жауаптылардың уәдесінен шаршадық. Таяуда көгілдір отын қосылатын да шығар, алайда қысты көмірмен амалдадық дейді. Жауаптылар газ жүйесінде ақауы реттеліп жатқан жерде жиын өткізіп әлек. Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы мердігер газшылармен тез арада Алтын төбе ауыл округінің елдімекендерін орталықтандырылған газға қосу жолдарын кезекті рет пысықтауда.

Анарбай Әбдіқайыров, ауыл әкімінің орынбасары: «Газ жүйесіндегі 10-шы шақырымда кемшіліктер анықталды. Соларды реттеген соң қосамыз деп отыр». Осыдан алты жыл бұрын құрылысы басталған нысанды пайдалануға тапсыруда күрделіліктер туындаған. Бұл мәселені қадағалауына  енді нұротандықтар алды. Облыстық партиялық бақылау комиссиясының араласуы арқасында сала мамандары тартылып халықты көгілдір отынмен тез арада қамту жағы қарастырылуда.

Мұстафа Артықов, өңірлік  газ шаруашылығының бас маманы: «Біз бес рет осында  болдық. Сараптама жасадық. Құбырлардың түйіскен жерлерінде кемшіліктер бар. Солар реттелсе мамыр айында газ берілетін шығар. Онда да мердігерлер үлгерсе. Біз өз тарапымыздан  қолдау көрсетуге дайынбыз. Өйткені түбінде нысан біздің балансқа өткізіледі. Сондықтан да қауіпсіздік шараларын, құрылыстың талапқа сай тапсырылуын біз тексеріп алмасақ болмайды. Газ деген қауіпті,  мұқият болуымыз қажет».

Мердігерлер тексеру барысында анықталған барлық кемшіліктерді талапқа сәйкес орындағанның өзінде табиғи газ Алтын төбе ауылдық округіндегі екі ауылға ғана Қосағаш және Алтынтөбеге беріледі. Қалған тоғыз ауыл тұрғындарының күтуіне тура келеді. Айта кететін жәйт, мердігер компания ЖСҚ -қа енгізілмеген бір жарым шақырым жердегі жеткізу құбырын жер астымен тартып техникалық тексерістен өткізіпті. Нысандағы жұмыстар барысы көшбасшы партияның жіті бақылауында. жақын арада алтынтөбеліктер газбен қамтылып та қалар.