ОҚО полицейлері студенттерді мұражаймен таныстырды

430

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына көрсетілген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ішкі істер департаменті тарихи музейінде «Оңтүстік қазақстан облысының киелі жерлер географиясы» атты жылжымалы көрме орналастырылды.

Бұл көрме Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан келіп отыр. Көрмеде туған жерге деген сүйіспеншілік, туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Жергілікті нысандар мен елдімекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек.

Бұл рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деген жолдаманың үзінді мәтінімен басталады. Көрмеде Елбасымыз Н. Назарбаевтың 2017 жылғы Оңтүстік Қазақстан облысына келген іссапары кезіндегі фотосуреттер, ортағасырлық Күлтөбе, Сайрам, Созақ, Түркістан, сауран қалашықтары, Бәйдібек ата, Рабия сұлтан Дмоалақ ана, Қарашаш ана, Ибрагим ата, Аппақ ишан кесенелері, Таңбалы тас, Жылаған бұлағы және Қ. А. Яссауи кешені тағы басқа да киелі тарихи орындардың түрлі-түсті фотосуреттері көрсетілген.

Осыған орай, 2018 жылдың 4 сәуірінде Шымкент әкімдігі «Жастар ресурсы» орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қаладағы Оңтүстік Қазақстан облыстық политехникалық колледждің студенттері ОҚО ІІД Мұражайына көрмемен таныстыру мақсатында шақырылды.

ОҚО ІІД-нің мұражайына келген балалар ерекше әсер алып қайтты. Жылда ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға Оңтүстік Қазақстан облысындағы 50-ден астам колледж студенттері қатысты. Алғаш рет ОҚО ІІД-нің табалдырығын аттаған жастар полиция қызметінің бір күндік тыныс-тіршілігімен етене танысып, қызықтады.

Жиналған жастар әсіресе, қару-жарақтарды тамашалап, қолдарына ұстап, әр қарудың шығу тарихымен танысты. ОҚО ІІД-нің мақтанышына айналған республикалық және облыстық жарыстардың кубоктары мен медальдарын көріп, студенттер спортпен айналысу керектігін көңілдеріне тоқып шықты.

Полиция қызметкерлері өткізіліп жатқан іс-шараның студенттерге маңызы зор екенін, тәртіп сақшыларының күнделікті қиын да қызықты жұмысын жақынырақ тануға мүмкіндік беретінін, жастарды тәрбиелеуде азаматтық және адамгершілік тұрғыда қалыптасуына оң ықпалын тигізетінін атап өтті.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы