Саябақтарда велосипед тебуге тиым салынбақ

540
Workingmama

Шымкенттегі саябақтарда гироскутер, ролик, велосипед тебуге тыйым салынбақ. Сонымен қатар, қауіпсіздік шаралары да күшейтіледі. Өйткені халық көп баратын демалыс орындарында жалға берілетін осындай ойын құралдарының салдарынан қауіпсіздік шаралары сақталмай жатады.

Себебі осындай құралдарды тізгіндеген жас жеткіншектер арлы-берлі жүйткіп, жұрттың алаңсыз демалып, сейіл құруына кедергі келтіреді. Бұл туралы шаһардағы саябақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізген әкімшілік қызметкерлері хабарлады.

Сонымен қатар балалардың ойын алаңдары мен әткеншектердің да сапасы мен қауіпсіздігі пысықталды. Қазір саябақтардағы орындықтар мен ойын құралдарын сырлап, безендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Шымкентте қала тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсететін 9 саябақ бар.

Нұрлан Күдерұлы