Шымкентте ірі сауда орталығындағы өрт кезінде 185 адам эвакуацияланды

984

Шымкентте ірі сауда орталығында шыққан өрт кезінде 185 адам эвакуацияланды. Төтеншеліктердің айтуынша, өрт сауда орталығындағы кинотеатр залынан шыққан. Оқыс оқиға кезінде бес адам зардап шеккен. Бүгін төтенше жағдайлар қызметінің оқу-жаттығу жұмыстарының бағдарламасы осылай өрбіді.

Үлкен сауда орнындағы қызыл алауды сөндіру үшін 80-ге жуық өрт сөндіруші мен 12 техника жұмылдырылды. Жоспар бойынша құтқарушылар зардап шеккен бес азаматты сыртқа шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Сондай-ақ арнайы саты қойып, жоғары қаббаттағы өртті сөндіру тактикасын тағы да пысақтап берді. Дер кезінде жасалған қимыл әрекеттердің арқасында мамандар оқу тактикалық жұмыстарды ойдағыдай өткізідік дейді.

Айта кетейік, Шымкентте қазір үлкен сауда орындарында өрт қауіпсіздігі бойынша жаппай оқу жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша төтеншеліктер 80 нысанда алдын алу жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр. Оқу тактикалық жаттығу кезінде өрт қауіпсіздігі сақталмаған нысандар да анықталған. Салғырттық танытқан кәсіпкерлерге салаға жауаптылар шара көріп,кемшіліктерді жою бойынша ескерту берген.