Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтуде

663

Шымкентте мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтуде. Спартакиада жарысы спорттың 6 түрінен, атап айтсақ волейбол, шағын футбол, гір көтеру, арқан тарту, жүзу және үстел теннисінен өтуде.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өтіп жатқан бұл сайыс 19-29 сәуір аралығында болады. Бұл шараға 84 мемлекеттік органнан 1200-ге жуық қызметшілер қатысуда. Олар өз арасында 4 топқа бөлініп өз бақтарын сынауда. Айта кетейік,  спартакиаданың ақтық ойындары 29 сәуір күні Қажымұқан атындағы орталық стадионда өтеді.

Нартай ШЫНТАЕВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы: «Спорттың 6 түрінен бақ сынасуда. Спартакиада жалпы 10 күнге созылады. Спартакиаданың биылғы ерекшелігі мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Соған орай мемлекеттік органдар, оның ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілері және құқық қорғау органдарынан жалпы 84 мемлекеттік орган қызметшілері қатысып отыр».