«Отбасы – өмір аясы» атты кездесу өтті

1079
Фото Төлеби аудандық жастар ресурстық орталығы

Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторы, аудандық музейімен бірлесе Ленгер қаласы «Ғарыш» кинотеатры ғимаратында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы өмір аясы!» тақырыбында Ленгер қаласының зиялы қауым өкілдері арасында кездесу өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, жастарға үлгі көрсету, бос уақытын тиімді пайдалану, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Ең алдымен отбасы құндылықтары туралы бандаманы аудандық музейдің қор сақтаушысы Э.Тортаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мерекелік іс-шараға аудан аумағындағы ең жас ана, жеті баланың анасы, күміс алқа иегері С.Слеповаға және аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Бақытты отбасы» байқауында бас жүлде иегері Сатыбалдиевтер отбасы арнайы шақырылды.
Іс-шараға қатысқан екі отбасыға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының әлеуметтік қызметкері П.Сайранова, отбасыларға ақ орамал жауып, көңіл күйін көтеріп мерекесімен құттықтады. Іс-шара барысында Сатыбалдиевтер отбасы дайындаған әндерін айтса кішкентай бүлдіршіні өзінің анасына арнаған өлең шумақтарын көрермендерге тарту етті.

Ленгер қаласының зиялы қауым өкілдері аудан, қалалық ардагерлер мүшелері, қалалық әжелер алқасының төрайымы, АІІБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, қалалық әкім аппаратының бас маманы, аудан әкімі аппаратының бас инспекторы қатысты.