Қонаев даңғылындағы темір қоршаулар алынып жатыр

756

Қаладағы Д.Қонаев даңғылының бойындағы жолды екіге бөліп тұрған темір шарбақтар қайта алынып жатыр. Сала мамандарының айтуынша, жол ортасына отырғызылған ағаштар өсіп, көлік жүргізушілеріне кедергі жасауда.

Оған қоршау да кедергі жасап тұрған көрінеді. Мамандардың сөзіне сенсек, салдарынан жол көлік оқиғасы жиілеген. Шаһар тазалығына жауапты компания жұмысшылары темір шарбақтарды кешеден бастап қырқа бастаған. Айтуларынша бұл шарбақтар қаланың өзге көшелеріне орнатылады.

Нұрлан Күдерұлы