Оңтүстікте алғаш рет ауылды жерде облыстық перинеталдық орталық ашылмақ

522
Today.kz

Оңтүстікте алғаш рет ауылды жерде облыстық перинеталдық орталық ашылмақ. Жаңа перзентхана 240 орынға лайықталады. Медициналық орталық Сарыағаш қаласында бой көтереді. Бұл туралы ауданның бас дәрігері Ибрагим Ташев БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.

Басшының айтуынша, ауданда денсаулық сақтау саласындағы басты проблема – орын тапшылығы. Бірақ бұл мәселе 2019 жылы өз шешімін табады, дейді ол. Өйткені ауданнның орталығындағы аурухана мен емхана келесі жылы толығымен күрделі жөндеуден өтеді.

Ибрагим Ташев, Сарыағаш ауданының бас дәрігері: «252 млн. теңгеге медициналық құрал – жабдықтар алынды. Наркоз беретін, тыныс алу аппараттары перзентханаға қажетті жабдықтар, апараттар, мониторинг, инкубатор, сәулемен емдеу, операция жасау бөліміне шырақтар алынды. Мұның бәрі де денсаулық сақтау саласының көрсеткішін жақсартады деген сөз. Ана мен бала өлімі бойынша, табиғи өсім бойынша жақсы көрсеткіштерге жетті. Қажетті жаңа заманауи ғимарат керек. Аурулардың саны мен орын жетіспеушілігі бар. Бір бөлмеде екі -үш адаммнан отырады. Бұл проблеманы Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М. Егізбаевтың өзі көріп, күніне 500 адам қабылдайтын емхана ашуды жоспарлап отырмыз».

Сарыағаш ауданында ең көп кездесетін аурулар жоғары тыныс алу жолы, жүрек қан тамырлар ауруы көбейіп, инсульт жасарып барады. Соңғы айтылған аурудан кейін көбіне мүгедек болып қалатындар көп. Оңтүстік өңірде 12 инсульт орталығы ашылмақ.

Сонымен қатар, тілшілер аудандағы емхана, зертхана, перзентхана және аурухананың жұмысын көріп, ауылды жердегі медициналық тіректерді аралады. Сарыағаш ауданында шалғай елді – мекендегі фельдшерлік амбулаториялардың бірқатары жаңартылған. Дегенмен елді мекендерде талапқа сай келмейтін медициналық тіректер әлі де бар.