Әкім халқына жақын екендігін көрсетті

519

Сарыағаш ауданының əкімі Қ.Абдуалиев Жемісті ауылдық округі Тың елді мекенінде орын алған тілсіз жаудан зардап шеккен отбасы мүшелерін қабылдап, қайғыларына ортақ екендігін айтып, демеу көрсетті.

Сондай-ақ, аудан əкімдігі тарапынан жəрдем берілетіндігін айтып, бүгіннің өзінде демеушілер арқылы зардап шеккен 4 отбасының əрқайсысына іргетасқа қажетті 5 тонна цементтен, қажеттілігіне қарай шағал жеткізіліп жатқанын айтып өтті.

Сондай-ақ, жақын күндері əр отбасына 10 мың кірпіш, 100 дана шифер, есік-терезе мен еден ағаштары, 30 ш.м тақтай, жылу жүйесіне қажетті заттар жеткізіліп берілмек. Ал күнделікті қажетті заттарды ауылдық округтегі игі жақсы азаматтар демеушілік жасап əкеліп беруде. Үйі жанында кішкентай қосалқы үйі бар екі отбасы өз үйлерінде, екі отбасыға құрылыс жұмыстары біткенше уақытша киіз үй берілді.