«Автобус» іс-шарасы барысында 400-ден астам құқықбұзушылықты анықтады

586

Жолдарда апаттық жағдайларды төмендету, Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын болдырмау, жолаушылар тасымалымен ұдайы айналысатын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті сақтау мақсатында полицейлер Түркістан облысының аумағында 16-18 шілде күндері «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның үш тәулігінде Жергілікті полиция қызметінің өкілдері қоғамдық көлік жүргізушілерімен орын алған жол ережесін бұзушылықтардың 413 дерегін анықтады. Оның ішінде телефон және радиостанцияларды пайдалану ережелерін бұзудың – 131 дерегі, маневр жасау ережесін бұзудың – 52 дерегі, жылдамдықты арттырудың -31 дерегі, техникалық байқаудан өтпегеннің – 46 дерегі, сондай-ақ полицейлер қоғамдық көлікті мас халде басқарған 1 жүргізушіні құрықтады.

Сонымен қатар, көлік құралдарының рейске шығу алдындағы медициналық куәландырудан өтпеудің – 14, багажды және жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың – 11 дерегі анықталды. Анықталған барлық құқықбұзушылықтар бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырды. «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасына Жергілікті полицияның қызметкерлері жұмылып, көлікті бақылау және басқа да қызметтердің өкілдері тартылды.

Түркістан облысының Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы