Автотұрақтағы көліктің үстіне тал құлады

М. Мәметова көшесінің бойындағы № 3 үйдің ауласында тұрған көліктің үстіне тал құлады. Шіріген талдың бұтағы «Лада» автокөлігінің үстін басып қалған. Қуанышқа орай, бұл уақытта аулада бала-шаға болмаған. Тек көлікке материалдық зақым келген.

Жәбірленуші тарап оқиға басына ақылы құтқарушыларды шақыртты. Осы ауданға қарасты полиция бөлімінің тергеу тобы да болды. Әл Фараби ауданының әкімдігінен маман келді. Төтеншеліктер тез арада талды кесуге кірісті

Әкімдіктен келген маман оқиға басына коммуналдық шаруа қызметкерлерін шақыртып кесілген тал бұтақтарын жинатып, тазалау жұмыстарын жүргізді. Мұнда келтірілген материалдық шығынды кімнің өтейтіні белгісіз. Егер көлік иесі барлық жағдайға автокөлігін сақтандырған болса сақтандыру компаниясы шығын орнын толтыруы тиіс.