Шымкентте екі басқарманың басшылары тағайындалды

597
shymkent.gov.kz

Қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасын Қуатжан Жұматаев басқарады. Ол бұған дейін қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарып келген еді. Қуатжан Әзімбайұлы еңбек жолын 2002 жылы «Т.Рысқұлов» ЖШС-де механик-контролер болып бастаған. Түрлі жылдары қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінде қызмет етті.

 2009 жылы – «ОДҚ» ЖШС диспетчері, 2012 жылдары Өскемен, Атырау жәен Маңғыстау қалаларындағы жолаушылар көлігі бөлімдерінде жұмыс істеді. 2012 жылдың қазан айынан Шымкент қалалық ЖК және АЖ, ТҮКШ бөлімінің жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары секторын басқарды.

 2013 жылдың тамызынан 2018 жылдың шілде айына дейін Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімін басқарды.

Ал Шымкент қалалық құрылыс басқармасын Әбілсейіт Рабаев басқарады. Бұған дейін құрылыс бөлімін басқарған Әбілсейіт Рабаев еңбек жолын 2002 жылы «Компания Ерке» ЖШС-нде оператор болып бастаған. 2009-2015 жылдары ОҚО жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасында түрлі лауазымдарға қызмет етті.

 2017 жылы – «Тұран құрылыс» ЖШС директорының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының хатшылығында қызмет етті, «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ЖШС-ін басқарды. 2017 жылдың қазанынан Шымкент қалалық құрылыс бөлімін басқарып келді.

shymkent.gov.kz