Тағы бір азаматты электр тоғы ұрды

24 – шілдеде сағат 12:20-да шұғыл кезекшілердің басқару пультіне Шымкент қаласы Забадам шағынауданындағы Кленовая көшесіндегі жеке тұрғын үйде электр сымдарды монтаждау кезінде 1974 жылы туылған ер азаматты электр тоғы ұрып, ауруханаға жеткізілгендігі туралы хабарлама келіп түскен.

Қазіргі таңда оның жағдайы қанағаттанарлық. Электр тоғын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік қағидаларын сақталмауы жазатайым оқиғаларына алып келген қалада бұл екінші жағдай.

Шымкент қаласы ТЖ департаменті еске салады! Тұрғын үй-жайларда электр сымдар Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкес болуы тиіс. Электр сымдарды монтаждау қағидаларын білсеңіз, сіз бұл жұмысты электр қауіпсіздіктің талаптарын бұзбай орындап, өз өміріңізді қауіпсіздендіресіздер.

Электр есептегіштері, тармақталуы қораптары, сондай-ақ ажыратқыштар мен розеткалар тұтынушыға оңай қол жетімді болуы керек. Тоқ жеткізетін барлық элементтер оқшауланып немесе жабық болуы тиіс.

Ажыратқыштар кіре беріс есіктің аймағында 1,5 метр биіктікте орналасуы тиіс. Бір пәтерде ажыратқыштар әрбір үй-жайда бір жақта орналасуы тиіс. Розеткаларды электр құралдарды орнатылуы мүмкін жерлерде монтаждау керек. Розеткалардың биіктігі еденнің деңгейінен 0,5-0,8 м тең болуы тиіс.

Монтаждау кезінде сымдарды тек тігінен және көлденен жүргізеді. Сымдардың орналасу орны жоспарда нақты белгіленіп, оны жұмыстарды орындаумен бірге әзірлеу керек. Электр сымдарды монтаждаудың түрлі әдістерін қолдана отырып, әр жағдайда сымдарды топтастырып немесе көрші сымдардың арақашықтығы 3 мм кем болса жүргізілуі болмайтындығын есте сақтау керек.

Сымдардың арасындағы барлық тармақталуы мен қосылуы арнайы тармақталатын және қосылатын қорапшаларда орындалуы тиіс. Бұл туралы тұрғын үй-жайларда электр сымдарды монтаждау және пайдалану кезінде ұмытпаңыз.

Электр сымдарды монтаждау қағидалары қорғаныс нөлдендіруді және жерге тұйықталуды қамтамасыз ететін өткізгіштерде қандай да бір ажыратқыштар мен сақтандырғыштар болмауы тиіс, себебі желіге қосылған электржабдықтар электр торабының қауіпті потенциалында қалады. Электр сымдарды монтаждау барлық қағидалар 100 пайызға орындалуы тиіс, бұл сізді болуы мүмкін проблемалардан сақтандырады.

Қасымхан ХАМЫТБЕК