Тежегіші істен шығып жүк көлігімен соқтығысты

Түнгі сағат 24:00 шамасында  жол апаты орын алды. Бұл оқиға Ахунбабаев көшесінде болған. Мұнда «Ниссан» және жүк көлігі соқтығысқан. Тежегіші істен шыққан «Ниссан алмера» автокөлігінің жүргізушісі темір тұлпарын тоқтата алмай жылдамдықпен барып жүк көлігін соққан. Нәтижесінде жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі опырылып қалған. Ал жүк көлігінің алдыңғы бамперіне және дөңгелегіне зақым келген.

Жүк көлігінің жүргізушісі аман. Алайда женіл көлік жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Және көліктен бос сыра бөтелкесінің қалдықтары табылды.  Қазіргі уақытта жеңіл көлік жүргізушісінің көлікті мас күйде басқарғаны туралы нұсқасы қаралуда. Енді оқиғаның ақ-қарасын тәртіп сақшылары анықтауға кірісті.