Білім саласына цифрландыруды ендіру жолдары талқыланды

453

Бүгін Түркістан қаласында білім саласы қызметкерлерінің тамыз кеңесінің секциялық жиыны өтті. Еліміздің өзге де аймақтарының білім басқармаларының өкілдері арнайы шақырылған жиын өңірде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов төрағалық еткен шарада салаға цифрландыруды ендірудің жолдары қарастырылды. Мамандар тың жүйе ең алдымен саладағы жемқорлыққа тұсау салып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге сеп болады дейді.

Сондай-ақ, секциялық жиында педагог қызметкерлерді аттестаттаудың жаңа жүйесі мен білім беру сапасын жетілдіру мәселелері де талқыланды. Өңірде алғаш рет ұйымдасытырылып отырған шараға шақырылған конақтар білім басқармасының жаңа ғимаратын көріп шықты. Басқарма жаңа қонысқа осыдан бір апта бұрын көшіп келген. Білім саласының өкілдері гуманитарлық-инновациялық колледж ғимаратының бірінші, екінші қабаттарында жайғасқан.

Мақпал Рысбаева