Күнгейде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

288
Baq.kz

Түркістан және Жамбыл облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Түркістан облысында 7 тамыз күні кей жерлерде солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. 6-7 тамызда кей жерлерде күндіз 41 градус ыстық сақталады. Жамбыл облысында 7-10 тамыз аралығында күндіз 35-40 градусқа дейін ыстық болуы ықтимал.