Облыстық басқармалар Түркістанға көш түзеді

568
Фото: primeminister.kz

Түркістан облысы әкімдігінің бірінші қабатында жиһаздар, техника мен бума бума қағаздар жинастырылып жатыр. Бұл дегеніміз әкімдікке қарасты басқармалар облыс орталығына көшуге дайындалуда.

Осындағы қызметкерлердің мәлімдеуінше, тамыздың 13-іне Түркістан қаласына облыс әкімі бастаған орынбасарлары және баспасөз қызметі, сондай-ақ бірқатар басқармалар көшеді деп жоспарланған.

Ал, өкілетті орган – облыс мәслихатының аппараты көне шаһарға 28-тамызда, кезекті сессияны өткізіп, айдың соңында жол тартады. Бұдан кейін облыс мәслихатының сессиялары Түркістанда өтеді.

Шынар Оразова