Түркістандағы құс фабрикасының екінші бөлігі іске қосылды

556

Жобаның бірінші кезеңі 2016 жылы іске қосылған. Содан бері 4,4 миллион дана жұмыртқа өндірді. Түркістан қаласында құс шаруашылығының екінші бөлігі іске қосылды, деп хабарлайды 24.kz.

Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс фабрикасы негізінен тауық еті мен жұмыртқа өндіреді. Жобаның бірінші кезеңі 2016 жылы іске қосылған. Содан бері 4,4 миллион дана жұмыртқа өндірді. Бұл – Түркістан қаласы тұтынатын жұмыртқаның 30,4 пайызы. Мұнда 12 мың етті және 22 мың жұмыртқа бағытындағы тауық өсіріледі.

Бүгінде Германия мен Голландиядан әкелінген 30 мың тауық бір күнде 27 мың жұмыртқа береді. «Біз қазіргі таңда қаланың жұмыртқаға деген сұранысының 5-7 пайызын қамтамасыз етіп отырмыз. Енді фабриканың екінші кезеңі іске қосылды. Өнім де 15-17 пайызға молаятыны анық. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Қыркүйек айында басқа да тұқымды тауықтарды сатып алу жоспарда бар», – дейді зоотехник Хайдар Минкабилов.