Тегін тіс емдейтін орталық тәулік бойы жұмыс істейді

1078

Бүгінде медициналық қызмет түрлерінің ішінде тіс емдеу ең қымбаты саналатыны белгілі. Емдеуден бастап, жарқыраған маржан тіс салдыруыңыз да қалтаны әжептеуір тақырлап тастайды.

Тісті емдеу, жұлу сынды қызмет түрлерін тегін көрсететін орталық та бар. Шымкент қаласындағы Т. Айбергенов көшесінде орналасқан облыстық балалар стоматологиялық емханасы тегін қызмет көрсетеді. Мұның барлығы да кепілдендірілген медициналық көмек шарасы аясында ұсынылып отыр. Емхана тәулік бойы жұмыс істейді әрі демалыссыз.

Аталған қызмет түріне 18 жасқа дейінгілер, аяғы ауыр аналар, әлеуметтік әлсіз топқа жататындар, зейнеткерлер және ауруы асқынғандар жүгінуіне болады.