Жаңа шаһардағы жер үсті өтпе жолында құрылыс қарқынды жүргізілуде

594
Жаңа шаһардағы жер үсті өтпе жолы

Жаңа Шаһардағы Темірлан тас жолы мен Ә. Мангелдин көшесіндегі жер үсті өтпе жолының құрылысы қызу жүргізілуде. Мердігер компания мұнда құрастыру жұмысымен қоса баспалдақтарды бетондау жұмыстарымен айналысуда.

Өтпе жолдың құрылысы өте күрделі, сондықтан да нақтылықты талап етеді. Құрылысшылар «асығыстық қажет емес, сапалы болсын десеңіздер сабырлық танытыңыздар»,- дейді тұрғындарға. Шымкенттіктер «сақалды құрылыстың» қайта жанданғанына дән риза. «Нысан жаңа оқу жылына таяу аяқталса, тіптен жақсы болар еді»,- дейді.

Ыңғайсыздықтар үшін құрылысшылар тұрғындардан кешірім сұрайды
Уәлихан Оспанов немерелері үшін алаңдаулы

Уәлихан Оспанов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Коммунизм бөлімшесінде тұрамын. Немерелерімді  Темірлан тас жолы бойындағы ағылшын курстарына алып келемін. Өздерін жіберуге қорқамыз. Жолдан өту кауіпті. Мына жер үсті өтпе жолының басталғанына біраз болды. Біресе тоқтап тұрды. Қайта құрылыс жұмыстары басталғанына қуанып жатырмыз. Жаңа шаһардағы бұл төңіректе адамдар көп жүреді. Сондықтан, құрылыстың аяқталуын тағатсыздана күтудеміз. Жаңа оқу жылында бітірсе, тіпті жақсы болатын еді. Балаларымызға алаңдамайтын едік».

Анарбек, қала тұрғыны: «Жер астынан салу керек еді. Осындай биіктікке кім көтеріледі. Менің аяғым ауырады. Қариялар қалай көтеріліп түседі екен? Бірақ эскалатор болатын болса, онда жақсы».

Мердігер компанияның өкілі «егер де жобалық-сметалық құжатқа эскалатордың  құрылысы енгізілсе, әрине, саламыз» дейді. Ал шатырға қатысты маман дөп басып айта алмады.

Шынар Оразова