Қараша айында «Agri Tek Shymkent 2018» көрмесі өтеді

356

Қараша айының 21-23-і күндері Шымкенттегі «Көрме орталығында» VII халықаралық «Agri Tek Shymkent 2018» ауыл шаруашылығы көрмесі өтеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін көрменің биылғы жылғы ерекшеліктері көп.

Көрмеге тек елімізден ғана емес, шетелдік компаниялар да көптеп қатыспақ. Ресей, Түркия, Оңтүстік Корея және Испаниядан ауыл шаруашылық техникалары, қосалқы бөлшектер, құрылғылар, тамшылатып суғару құырлығылары және тыңайытқыштар, жылыжай, тұқым, көшет, өсімдіктерді қорғауға арналған дәрі дәрмектер, мал шаруашылығына арналған технологиялар көрмеге қойылмақ.

Көрмені халықаралық TNT Productions, LLC (АҚШ) көрме компаниясы және оның қазақстандық серіктесі «TNT EXPO» ЖШС-і ұйымдастырғалы отыр.

Көрмені өткізуге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро», Қазақстан фермерлер одағы, Қазақстан құс шаруашылығы одағы, Қазақстан жылыжай ассоциациясы қолдау білдіріп отыр. Ал көрменің серіктесі «ҚазАгроФинанс» АҚ-ы. Көрмеге қатысуға ниет білдіргендер алдымен арнайы веб-сайтта тіркеліп, бейдж алуы тиіс.