Екі жасөспірім сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасаған

486
Фото КТК

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйек күні Түркістан облысы ІІД Сарыағаш АІІБ-не жергілікті тұрғын арызданған, онда жиеніне қатысты екі жасөспірім сексуалды сипаттағы іс-әрекет жасағаны туралы көрсеткен. Аталған жайт Сарыағаш АІІБ СДТБТ-не тіркелді.

Полицейлермен ҚР ҚК-нің 121-бабы «сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Бұл қылмыстық іс Түркістан облысы ІІД басшылығының жеке бақылауында.

Түркістан облысы ІІД баспасөз қызметі