Úı Oqys oqıǵa Шымкентте өрт салдарынан мүмкіндігі шектеулі ер азамат қаза болды

Шымкентте өрт салдарынан мүмкіндігі шектеулі ер азамат қаза болды

Шымкентте пәтер өртеніп, ер адам қаза болды. 19 қазан күні сағат 11:59-де ТЖД құтқару қызметіне Шымкент қаласы, Қабанбай батыр көшесі бойында орналасқан 4 көп қабатты үйдің 3 қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Үйдің жатын бөлмесінде үй заттары және көрпе-төсек жанған. Өрттің беті сағат 12:17-те қайтарылып, сағат 12:27 толық сөндірілген. Өкиға орнында 1951 ж.т. ер азаматтың (мүгедек) мәйіті табылған. Қазір мамандар өрттің шығу себептерін анықтап жатыр. Өртті сөндіруге Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 15 қызметкері және 4 техникасы жұмылдырылған.

Жанар Есенбекова