Шымкенттегі “Алаш” базарынан өрт шықты

525

Тілсіз жау киім-кешек қатарындағы 5 дүңгіршекті шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, өрттің көлемі 150 шаршы метрді құраған.

Өрт сөндіруге ТЖД -нен 80 қызметкері мен 20 бірлік техникасы, Жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы, Апаттар медицинасы орталығының 3 қызметкері тартылды. Сондай-ақ, ішкі істер органдарының 70 тәртіп сақшысы базар аумағын қоршауға алып, тәртіпсіздікке жол бермеді. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда.

Ақберген Сапаев. Шымкент қалалық ТЖД өрт сөндіру кезекші бөлімінің басшысы: “Кезекшіге 21:12 -де хабарлама түскен. Деру оқиға басына 13 бірлік техника жіберілді. Сағат 21:35-те өрттің беті қайтарылды. Қызыл жалын сағат 22:16-да толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын мөлшері анықталуда”.

Ернар Балабеков