Түркістанда ер адам ашынасын азаптап өлтірген

438

Көңілдесін азаптап өлтірген түркістандық азамат қамауға алынды. Санкцияны Түркістанның мамандандырылған тергеу сотының судьясы шығарған.

Айта өтейік, оқиға 18 қыркүйек күні орын алған. Өз пәтерінен денесі тілімделген әйел мәйіті табылған. Күдікті ретінде 1977 жылғы Түркістан қаласының тұрғыны ұсталған болатын.

Оның үстінен ҚР ҚК – нің 99 бабы 1-ші бөлігі, «қасақана кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Анықталғанындай, екеуара ішімдік ішкен ғашықтардың арасында жанжал туған.

Шөлмекпен әйелдің басын жарып, шыны сынықтарымен мойын, арқасына бірнеше соққы жасағанын айтқан. Салдарынан 40 жастағы әйел тіл тартпай кеткен.

Жанар Есенбекова