Түркістанда төлебилік өнерпаздардың «Түркістанға сәлем» мерекелік концерті өтті

408

 Облыс орталығы Түркістан қаласына ауысуына байланысты өңір басшысының  тапсырмасына сәйкес әр аптаның сенбі-жексенбі күндері «Есімхан» алаңында аудан, қалалардың мерекелік концерттік бағдарламасы берілуде.

21 қазан күні Төлеби ауданының 150-ге жуық өнерпазы «Түркістанға сәлем!» бағдарламасын ұсынды.

Іс-шара ҚР Мәдениет саласының үздігі, суретшілер одағының мүшесі, ЮНЕСКО Халықаралық стандарттарына сәйкес ғылым және өнер докторы, арт – терапевт, ақын, психикалық – реабилитациялық әдістерінің авторы  Бақтыбек Талқамбаевтың «Басында Қазығұрттың кеме қалған!» атты арт-терапиялық көрмесінен бастау алды. Шараға келген құрметті қонақтар  суретшінің өзімен тілдесіп,  көрмедегі туындылардың  мән – мағынасы мен сырына үңілді.

Мерекелік жиынға Түркістан облысы маслихатының депутаты Тәңірбергенов Рахым Көлбайұлы және Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Рысбеков Ғани Құрмашұлы қатысып, аудан өнерпаздарына алғысын айтып, тарихқа тұнған айтулы жылмен құттықтады.

Концертте Төлеби ауданының әншілері өңірімізден шыққан композиторлардың әндерін орындаса, бишілер түрлі ұлттардың биі және хореографиялық композициялар арқылы көпшілікке рухани кеш сыйлады.