Төлеби ауданындағы туристік аймақтар сапалы интернет желісімен қамтылатын болады

441

Бүгін Төлеби ауданы әкімі Б. Омарбеков ауданымызда орналасқан туристік аймақтарын сапалы интернет желісімен қамту туралы «Kcell»АҚ-нің Түркістан облысы бойынша филиалы басшысы Б. Шалғынбаевпен, «Қазақтелеком» АҚ және «Beeline»АҚ өкілдерімен арнайы кездесу өткізді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу нәтижесімен аталған интернет операторларымен Біркөлік шатқалында орналасқан туристік және демалыс аймақтарын 2019 жылы I-тоқсанда толық сапалы интернет желісімен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, интернет операторларымен алдағы уақытта Ақмешіт шатқалы және Қасқасу елді мекендерін сапалы интернет желісімен толығымен қамту жұмыстары аудан әкімдігімен бірге жүргізу жоспарлануда.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі