Мәйіт донорлығын дамыту керек

413

Мәйіт донорлығын дамыту керек. Өзгеге өмір сыйлауды мақсат тұтқан «Үміт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері қоғам белсенділерімен кездесіп, донор тапшылығы мәселесін талқылады.

Елімізде ағза доноры тапшы. Салдарынан көпшілік қиын жағдайға тап болуда. «Үміт» ЖШС-нің өкілдері халыққа мәйіт донорлығының қажеттілігін түсіндіріп бағуда. Дегенмен, бүгінгі қоғам өлі денеден ағза алуға дұрыс көзқарас таныта алмай отыр. Өйткені халықтың мен­талитеті, наным-сенімі өлім аузында жат­қан туысының органын пайдалануға ке­лісімдерін беруге кедергі келтіреді дейді мамандар.

Айта кетейік, Түркістан облысы және Шымкент қаласында 700-ден аса науқас бүйрек жетіспеушілігінен зардап шегуде. Одан өзге мыңдаған науқас жүрек, бауыр трансплантациясының кезегін күтуде. Олардың сексен пайызға жуығы жастар. Ал бүгінгі күнге дейін қаладағы №1 клиникалық ауруханада 111 адамға бүйрек және 17 адамға бауыр алмастыру отасы жасалынған. Транспланталогиялық отаның тоқсан пайыздан астамы тірі ағзадан алынған.

Көп науқас дер кезінде донор табылмағандықтан көз жұмады. Айта кетейік, елде органды саудалауға рұқсат жоқ. Заңмен тыйым салынған. Сондықтан медицинадағы маңызды саланы дамытуды көздегендер донор тапшылығын жоюды қолға алатын кез-келді деп есептейді.

Лаура Нақыпқызы