Үшінші мегаполистің басты шыршасы орнатылды

614

Жаңа жылдық дайындық жұмыстары басталып кетті. Шымшаһардағы Әл Фараби алаңында жаңа жылдың басты нышаны жасыл шырша безендіріліп жатыр. Бұл күні жәрмеңке де ұйымдастырылған болатын. Шыршаға қажетті барлық заттарды сатып алып жатқандар көп.

Шымкенттегі жаңа жылдық шыршаның биіктігі 15 метрді құрайды. Жүздеген жарық шамдар, ойыншықтармен безендірілмек. Ал шыршаның салмағы 1 тоннаға жуық.
Жаңа жылдық шыршаның шамы желтоқсан айының екінші жартысында жағылмақ. Биыл жылдағы қолданылып жүрген шырша емес, жаңадан сатып алынған. Табантасын және шыршаның бұтақтарын орнатуға екі күн уақыт жұмсалыпты.

Шырша жаңа, жарықшамдар жаңадан сатып алыныпты. Құлап кетпеуі үшін табанына мықтап қатырылған. Дегенмен тірі шырша емес, жасанды.
Биыл үшінші мегаполис жаңа жылды ерекше қарсы алмақ. Әзірге бәрі құпия. Бұл үшінші мегаполис тарихындағы алғашқы жаңа жыл болмақ.