Күзет агенттігінің қызметкерлері жол апатына ұшырады

529

Шымкенттегі Б.Момышұлы көшесінің бойында кешкісін жол апаты орын алды. Күзет агенттігіне тиесілі жеңіл көлік шақырту бойынша жолға шыққан.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша аталған көлік қатты жылдамдықпен келе жатқан. Жолаушылар «ГАЗельін» басып озбақ болыпты.

Алайда жол тайғақтығы мен жоғары жылдамдық жол апатына себеп болған. Жол бойындағы ағашқа соғылып жолаушылар көлігінің артқы бөлігін жұлып кеткен. Бұл уақытта қоғамдық көлікте жолаушылар болмаған.

Күзет агенттігінің қызметкерлері ауыр жарақаттанған. Екеуі де қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Тиісті мамандар оқиға барысын тексеру үстінде.