Мамандардың біліктілігі басты назарда

212

«Өрлеу» пилоттық жобасы шын мәнінде көмекке мұқтаж жандардың тіршілігіне тың серпін беріп, айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Аталған шартты көмекті Жетісай ауданының тұрғындары да тиімді пайдалана бастады.

Бағдарлама аясында бірқатар отбасының қорасына мал бітіп, көптеген адамдар өз кәсібін ашуға ынталанып, жаңа мамандықтарды меңгеруде.

Десек те, ауданда «Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек туралы» тақырыбы бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында құрылған мобильді жұмыс тобының ақпарттық –түсіндірмелік жұмыстары әлі де болса жалғасуда. Осы мақсатта Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Мавленов жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек бойынша біліктіліктерін арттыру мақсатында Жетісай аудандық жұмыспен қамту орталығының ассистенттері мен консультанттарына арнайы семинар өткізді.

Семинар барысында атаулы әлеуметтік көмектің негізгі стандарттары мен қағидаттары түсіндірілді.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі