Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көкпар өтті

410

Жуырда Келес ауданының Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Қызыләскер және Көгерту елді мекеніндерінің ауылшаруашылық дихандарының ұйымдастырумен, 16 – желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, қазақтың ұлттық спорты көкпар ойыны өткізілді.

Спорттық іс-шараны өткізудегі мақсатымыз қазақтың ұлттық ойының насихаттау, жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, жастардың патриоттық сезімін ояту болып табылады. Дүбірлі додаға Келес ауданына қарасты Ақтөбе, Ошақты, Бірлік, Бірлесу, Жүзімдік ауылдық округтерінің белді шабандоздары қатысып, көкпар ойынының сәнін келтірді.

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі