Жер жырту жұмыстары жалғасуда

899

Жетісай ауданында күзгі егістік жерлерді аудару жұмыстары жалғасуда. Таяуда ғана аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев ауыл округтерінің әкімдеріне жер аудару жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыруға нақты тапсырма берген болатын. Нәтижесінде қазіргі таңға аудандағы айдалуы тиіс 72 мың 962 гектар егістік жердің 15 мың 47 гектары айдалып бітіпті.

Жер жырту жұмыстарына аудан бойынша 334 техника қатысуда. Бір күнде шамамен 1200 гектар жер айдалуда. Бүгінде округтер бойынша жер жырту жұмыстарынан Ж. Ералиев ауыл округі көш бастап келеді.

Аталған округте қазірдің өзінде 2225 гектар жер айдалып біткен. Ал екінші орында 1949 гектармен Атамекен ауыл округі келеді. Сондай-ақ, ауданда егістік жерге пал алу жұмыстары да жалғасуда.