Жол апаты салдарынан Джип екі рет аунап кетті

410

Кешкілік кептеліс кезінде қаладағы орталық көшелердің бірінде үш көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды.

Ғ. Іляев және Т.Орынбаев көшелерінің қиылысында минивен Mitsubishi Land Cruiser 200 көлігін соққан. Соққының қатты болуы салдарынан джип көлігі екі рет аунап барып «Лада Приораға» соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан үш ересек адам мен бір бала зардап шеккен. Оқиға орнына медиктер бригадасы мен тексерушілер жұмыс істеуде. Жол апатына кінәлі кім екендігі тексеру нәтижелерінен кейін белгілі болмақ.

Ернар Балабеков