Қозапаядан биогаз өндірмекші

335

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев түркиялық «Био Тренд» ЖШС-нің бас директоры Емре Авжымен кездесті. Кездесу барысында тараптар Жетісай ауданында баламалы энергия көздерін дамыту, элекро-станса салу мәселелерін талқылады.

Компания басшысы Емре Авжы алдағы уақытта Жетісай ауданынан мақта қосапаясынан биогаз өндіру арқылы 10 Мвт-ты құрайтын электр қуатын шығаруға ниетті екенін жеткізді. Жобаның құны -9,5 млр теңгені құрайды.

«Қазіргі таңда жобаны құжаттандыру, конкурсқа қатысу дайындықтарын жүргізіп жатырмыз. Егер жеңімпаз атанып жатсақ, құрылыс жұмыстарын бастау үшін бізге Жетісай ауданынан 8-10 гектар жер қажет. Біз бұл жерге Түркиядан арнайы қондырғыларымызды әкеліп, орнататын боламыз. Сондай-ақ, мақта қосапаясын жинау үшін арнайы техникаларымыз да осында тасымалдаймыз», – деді Био Тренд» ЖШС-нің бас директоры Емре Авжы.

Аталған жоба «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын болады. Шетелдік компания басшысы биогаз өндіру үшін тек мақта қосяпаясынан ғана емес, пісте, жүгері паясын да пайдалануға болатынын айтты. Бұдан бөлек, күл-қоқысты да қайта өңдеу арқылы энергия көздерін өндіре алатындықтарын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған аудан басшысы жобаны толық қолдап, қуаттайтынын жеткізіп, қажетті жер телімі мен өзге де мемлекеттік қолдауларды көрсетуге әзір екенін айтты.
« Шикізаттан ешқандай мәселе туындамайды. Биылғы жылы ауданымызда 40 мың гектардан астам жерге мақта егілсе, қосапаядан ешқандай тапшылық орын алмайды. Оған қосымша ауданымызда 300 гектар жерге пісте егіледі деп жоспарлануда. Жүгерінің көлемі де жыл санап артып отыр. Сондықтан «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында іске асқалы отырған жобаның жүзеге асуына барымызды жұмсауға әзірміз», – деді Жамантай Қанайұлы.

Аталған жобаның конкурсы Астана қаласында өткізілетін болады. Егер аталған компания жеңімпаз атанып жатса, алдағы 4-5 айда шағын стансаның құрылысы бастау алмақ.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі