«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы азаматтарды Түркістанда қабылдауда

342

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан көмек сұрайтын өңір тұрғындары енді Түркістанға барады.

Филиал Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов көшесі 37 ғимаратта орналасқан. Облыс филиалының қоныс аударуы еш кедергі болмады, керісінше келушілер көп болды. Оранғай елдімекенінің тұрғыны ауылдағы мектептің жағдайына алаңдаулы. «Ескі ғимаратқа күрделі жөндеу қажет»,-дейді Ержан Дүйсенов. Сәті түсіп барлық сұрақтарына жауапты облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықованың өзінен алды.

Ержан Дүйсенов, тұрғын

Ержан Дүйсенов, Кентау қаласына қарасты «Оранғай» ауылының тұрғыны: «М.Әуезов атындағы мектебіміз 1976 жылы салынған. Жылдан жылға халықтың саны артуда. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұрын Түркістан ауданы құрамында болғанда жобалық – сметалық құжат жасалған еді. Енді қалай болады екен? «Оранғай» Кентауға өтті. Құрылыс тоқтатылмайды ма соны білуге келіп едім. Жұмыс жалғасады екен? Маман барлығын түсіндірді».

Облыс орталығына қоныс аударған «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалындағы алғашқы ауқымды қоғамдық қабылдауды облыс әкімдігіне қарасты басқармалардың мамандары жүргізуде. Нұротандықтар бұл үрдіс алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады дейді.

Нұрмахан Жолдасов

Нұрмахан Жолдасов, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары: «Қабылдауға Ескі Иқанның тұрғындары келіпті. Олар көшелерін жарықтандыруды сұрап жатыр. Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мамандары арыздары бойынша жұмыс жүргізетін болды. Облыс орталығына жақын орналасқан елдімекендерді жарықтандыру мәселесі жоспарда бар екен. Сабырлық танытса жақын арада жаңа бағаналар орнатылып, жаңа желі тартылады».

«Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық
филалында қоғамдық қабылдау өтуде

Нұротандықтар бірде бір арыз назардан тыс қалмайды, олардың барлығы партияның бақылауында болады деп сендірді.

Шынар Оразова