Сайрам мен Көксәйек арасындағы жол құрылысы қашан аяқталады?

460

Сайрам мен Көксәйек арасын жалғап жатқан жол жөнделіп жатыр. Шымкенттен Төле би ауданы аумағына бару үшін көпшілік айналма жол арқылы қатынайтын. Қазір жол ашық. Дегенмен, жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ.

Шымкент пен Төле би ауданын жалғап жатқан жол жөнделіп жатыр. Ал көлік жүргізушілері «жөндеу жұмыстары созылып кетті» деп наразы. «Зертас» ауылдық округінің аумағына асфальт қабаты төселген. Алайда, әлі тротуар мен ирригациялық жүйелер орнатылуы керек. Жол бойында тұратын тұрғындар «үйімізге дейін қазылып тасталды, ауламызға кіріп-шығу мұң» дейді.

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар жолды жөндеу жұмыстарын 2020 жылға дейін аяқтаймыз деп отыр. Айтуларынша осыған дейін жөнделуі тиіс 20 шақырымның 4 шақырымында құрылыс жұмыстары жүргізілген.

 

 

Сайрам – Қасқасу жолы бұрнағы жылы жөнделе бастаған еді. Қайта құру жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр, нысан уақытында толықтай пайдалануға беріледі дейді саладағылар.

Мақпал Рысбаева