Шекарадан есірткі алып өтпек болған жігіт жеті жылға сотталды

333

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы «Қапланбек» кеден бекетінде Мемлекеттік шекарадан есірткі алып өтпек болған жігіт 7 жылға сотталды. Сотталушы Өзбекстан Республикасының 20 жастағы азаматы болып шыққан. Құрықталған кезде қалтасынан шыққан заттың 35 грамм гашиш екендігі анықталған.

Түркістан облысы, Сарыағаш аудандық сотының үкімімен құрықталған өзбекстандық жігіт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 286 бабының 2-бөлігі 5-тармағымен  және 296 бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптармен түпкілікті 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Айта кетейік, үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жанар Есенбекова