Шымкентте полиция бөлімінің қарсы бетінде жол апаты орын алды

384

Шымкенттегі Еңбекші аудандық полиция бөлімінің қарсы бетінде жол апаты болды. «Тойота” автокөлігінің жүргізушісі екінші деңгейлі жолда келе жатып, жол ережесін өрескел бұза отырып басты жолға шығып кеткен. Бұл кезде аталған көшеде «Мицубиси» көлігі жүріп бара жатқан.

Салдарынан екі көлік соқтығысып қалды. Жол апатынан зардап шеккен «Тойота» көлігінің жүргізушісі мен «Мицубиси» көлігінің жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын жүргізуде.