Шымкентте тоғызқұмалақтан жарыс өтті

426

Жүзге тарта жасөспірім биылғы жылдың алғашқы турнирінде бағын сынады. Олардың басым бөлігі шымкенттіктер. Жерлестеріміз 2019 жылдың маусымына дайындықты осылай бастады.

Оның үстіне қалалық ұлттық спорт түрлері мектебінің ашылғанына бірнеше ай ғана толғанын ескерсек тоғызқұмалақ ойыны үшін мұндай жарыстар өте қажет. Сынақ тәжірибе алмасып, өскелең ұрпақ арасынан үздіктерді анықтауға арналды.