Шымкентте жол апатынан үш адам зардап шекті

352

Кеше кешкісін Д.Қонаев даңғылында «Тойота Камри 50» және ВАЗ 21015 көліктері жол апатына ұшырады.

Тойота көлігінің жүргізушісінің айтуынша Д.Қонаев даңғылында келе жатқанында оны өзге көлік соғып өткен. Әлгі көлік иесіоқиға орнынан қашып кетпек болғанында жол шетінде тұрған ВАЗ 21015 соқтығысқан. Соның салдарынан Тойота сырғып барып жол шетінде тұрған адамдарды қағып кеткен.

Жол апатының салдарынан зардап шеккендер жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Олардың екеуі ауыр жағдайда жеткізілген.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп жетті. Тергеп, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
\
Ернар Балабеков
@otyrarkz @ekstrennyi.vizov