Úı ANONS Түркістанда газ баллоны жарылып, бір жасар сәби зардап шекті

Түркістанда газ баллоны жарылып, бір жасар сәби зардап шекті

Түркістанда газ баллоны жарылуы салдарынан ер кісі мен бір жасар сәби зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

9 қаңтар күні Түркістан қаласындағы екі қабатты жеке үйдің төменгі қабатында газ баллонындағы ақаудың салдарынан газ-ауа қосындысы жарылып, 1 шаршы метр жер өртенді, ғимарат бүлінген жоқ.

«Өрт сағат 17:20-да беті қайтарылып, 17:35-те толық сөндірілді. 1993 жылы туған жігіт пен 2017 жылы туған нәресте ауруханаға жеткізілді», — делінген ТЖК мәлімдемесінде.
Оқиға орнына Түркістан облыстық ТЖД 2 өрт сөндіру техникасы мен 9 жеке құрам қызметкері аттанған.